Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№1бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№1бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/1-balabaksha.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Даниярова Гулмира Рахмашевна

1965 жылы 19-қарашада Жуалы ауданы Күреңбел ауылында дүниеге келген. 1972-1982 жылы Ленин атындағы орта мектепті бітірген. 1982жылы  Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының Тарих, қоғамтану және құқықтану факультетіне түсіп,  1987жылы бітірген.

1987жылы Лермонтов қазіргі Байтіков атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет жолын бастады. 2014-2017  жылдары Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде сырттай мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығын алды.

2006-2015  жылдар аралығында Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Боралдай» балабақшасында меңгеруші қызметін атқарды.

2015 жылдан бастап  Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының №1бөбекжай – балабақшасының меңгерушісі.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасысың тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен марапатталды.

2015 жылы «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, ауданның қоғамдық саяси өміріне   атсалысқаны үшін Құрмет грамотасымен, 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 

2018 жылы Жамбыл облысы бойынша «Өмірдің тарихы мен өмір тынысы» энциклопедия кітабына енді.

2018 жылы  Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталған.    

2018 жылы Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Жуалы ауданының «Ауылға сіңірген еңбегі үшін» Құрмет мерекелік медалімен марапатталған.  

2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Мектепке дейінгі ұйымдардың ең үздік стратегиялық жоспары» атты облыстық байқауында үздік идея үшін» І-дәрежелі дипломмен марапатталған.

2019 жылғы  Жамбыл облысы әкімінің №372-ө өкімі бойынша «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Желтоқсан көтерілісі» мерекелік медалімен марапатталған.

        Жалпы еңбек өтілі - 33 жыл.

Отбасылы, жолдасы екеуі үш ұл тәрбиелеуде.