Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданның білім бөлімінің «№1 бөбекжай- балабақшасы»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Мекеменің заңды аталуы: Жамбыл облысы «Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппаратының « №1бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: Бауыржан Момышұлы ауылы, Абылайхан көшесі №6А үй. Пайдалануға берілген жылы – 1953 жыл. Ғимарат түрі ыңғайластырылған. №1бөбекжай-балабақшасында алты топта 145 бала тәрбиеленуде. Оқыту мен тәрбиелеу қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Балабақша мамандармен толық қамтылған. Балабақшада спорт залы , ән-күй залы, психолог, әдістемелік және медициналық кабинеттер бар. Әр топтың жас ерекшеліктеріне қарай әдістемелік құралдармен, ойыншықтармен, дидактикалық материалдармен жабдықталған.
Барлық қызметкерлер саны 47.
Соның ішінде: 21 ағартушы қызметкер жұмыс атқарады. 1-меңгеруші, 14 тәрбиеші, 1-әдіскер, 1-педагог-психолог, 1-қазақ тілі мұғалімі, 1-музыка жетекшісі, 1-логопед, 1-дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы жұмыс атқарады. Шаруашылық қызметкерлер саны -26.